Жүктілікке дайындық
Жүктілікке дейінгі алғашқы қадам

Қазіргі уақытта ұрықтануға дейінгі күтімнің маңыздылығын жете білеміз және күтіммен жоспарлау ерлі-зайыптылардың және олардың баласының құрсақта болған кезде де, баланың туылғаннан кейінгі өмірінде де денсаулығына қаншалықты оң әсер етуі мүмкін екенін білеміз.
Бала біткенге дейінгі күтім тек әйелге ғана қатысты емес. Шәует жа-сушасының пісіп, аналық жасушасын ұрықтандыруы үшін үш айға дейін уақыт қажет екенін білетін бе едіңіз? Ер адамның ұрықтану кезеңіне дейінгі күтімі шәует жасушасының өміршеңдігі мен функци-оналдығын жақсарта алады, сонымен қатар жалпы әл-ауқатты нығай-та алады, сондықтан ерлі-зайыптылардың екеуіне де дайындалған жөн деген кеңес берер едік.
Kimberly-Clark ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе мәлімдеме жасамайды. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық немесе басқа денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне алмастыру ретінде сенім артылмауы керек.