Жүктілікке дайындық

Алғашқы талдаулар: қайсысын тапсыру керек?

Ультрадыбыстық зерттеу

Оны қынап берілгісінің көмегімен жүзеге асырған дұрыс болады, мұндай жағдайда эмбрионның көлемі мен жағдайы, ұрық саны (бір-неше ұрықты жүктілік кезінде) туралы толық ақпарат аласыз. Абдо-миналды (іш қабырғасы арқылы) УЗ салыстырғанда, қынаптық берілгі жүктіліктің тіпті, ең төменгі мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ УЗ диагностикасы жатырдан тыс жүктіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жүктілік гормондарының мөлшері, яғни адамның хори-ондық гонадотропинін анықтауға арналған биохимиялық қан талдауы.

Жүктіліктің басталуын тіпті, ең аз мерзімде де анықтауға мүмкіндік беретін талдау.

Жүктілік кезінде денсаулығыңызды акушер-гинеколог бақылайды. Бірақ кейде әйелге байланысты мамандарға бару керек болады. Егер көрсеткіштер болса, стоматолог, отоларинголог, эндокринолог, гене-тик және офтальмолог тексереді.

Жүкті әйелдің учаскелік терапевтке баруы амбулаторлық картадан үзінді көшірме алуы үшін міндетті болып табылады.

Kimberly-Clark ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе мәлімдеме жасамайды. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық немесе басқа денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне алмастыру ретінде сенім артылмауы керек.

Жүктілік және босану бөлімінде көбірек тақырыптар қараңыз