Ұрықтың дамуы

Балада не жаңалық? Бойы 2,5 см!

Жүктіліктің 7-ші аптасында балада күрделі өзгерістер орын алады, оның жыныстық жүйесі қалыптаса бастайды. Десе де, ұл ма, қыз ба, кім болатынын білу әлі мүмкін емес.

Жүктіліктің 7-ші аптасында ұрық белсенді дамиды, оның органдары мен тіндері жетіледі. Сәбиде лимфа жүйесі қалыптасады, мида көпте-ген өзгерістер болады: гипофиз және мишық пайда болады. Осы кезеңде баланың бауыры мен бүйрегі пайда болады, оның қолдары мен аяқтары ұзарып, көп ұзамай аяқ-қолын белсенді түрде қозғалта бастайды. Болашақ баланың бет-әлпеті қалыптасады.

Жүктіліктің 7-ші аптасында ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі сізге биіктігі шамамен 22-30 мм, ал салмағы 4 грамм болатын нәрестені көрсетеді. Сонымен қатар, оның басы денесінен әлдеқайда үлкен бо-лып көрінеді.

7 апта мерзімінде УДЗ міндетті шара емес. Тек екі аптадан кейін ги-неколог алғашқы скрининг аясында тексерілуге кеңес береді. Әзірше жатырдан тыс жүктілікке күдік болса ғана, анаға УДЗ тағайындалады. Бұл негізінен, іштің ауыруы арқылы байқалады, өйткені эмбрион жа-тырда емес, тар кеңістікте, мысалы, жатыр түтігінде болады.

Kimberly-Clark ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе мәлімдеме жасамайды. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық немесе басқа денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне алмастыру ретінде сенім артылмауы керек.

Жүктілік және босану бөлімінде көбірек тақырыптар қараңыз